Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде өмірдегі маңызды нәрселер туралы жазба жариялап, оқырмандарына ой салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Білесіз бе, осы күнге дейін өмір көп нәрсеге күліп қарауды үйретті. Ығы-жығы, ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым. Есесіне мен үшін ең маңыздысы балалардың бүгінгі қызығушылығы мен ертеңгі болашағы. Сол үшін төртеуінің де бар қызыққан саласына шамам жеткенше қолдау білдіріп келе жатырмын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Балаларының болашағына көп мән беретін Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кезде Қазақстандағы университеттермен қатар, шетелдегі жоғары оқу орындары туралы ақпарат іздеп жүргені туралы да жиі айтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз