- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өмір бойы әкесін...
"Өмір бойы әкесін көруді армандады". 80 жыл бұрын соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің жатқан жері табылды
Павлодарда 80 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен қазақ жауынгерінің жатқан жері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Айтқалы Молдыбаев 1943 жылы Калуга облысының Белёв ауданында болған ұрыста қаза тауып, сол жерде жерленген.
"Панфиловшылар" жасағының мүшелері майдангер зиратынан алынған бір уыс топырақты туыстарына тапсырды. Ресейден кезекті экспедициядан оралған, Павлодарлық іздестірушілер майданда қаза болған жүзден аса сарбаздың жерленген жерін тапқан.
Қазір олардың аты-жөні анықталып жатыр. Сұрапыл соғыс жылдары өңірден 46 мың азамат майдан даласына аттанып, олардың жартысы туған елге оралмады.
"Атам Айтқалы Молдыбаев 1942 жылы соғысқа аттанды. Сол кезде анам төрт айлық нәресте еді. Өмір бойы әкесін көруді армандады. Біз осы күнге дейін атамызды хабар-ошарсыз кетті деп ойлап жүрдік", - деді Айтқалы Молдыбаевтың жиені Бишайым Бисембаева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек