- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өмір атты жүйкенің...
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ерлер туралы ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы − барлық сегізмыңдық биікті бағындырған, альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев.
Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Алтел ұялы байланыс операторы.
Tengrinews.kz-тің "Вконтакте" желісіндегі парақшасында Мақсұт Жұмаев жүргізуші Тимур Балымбетовпен өмірдің жүйкесін жоғалтпау қаншалықты маңызды екенін, болашақта балаларының қандай адам болғанын қалайтынын, жарының асыл қасиеті және ер адам қандай болуы керегін айтты.
"Бастысы - адам болып қалу керек, қандай қызметтегі адам болсаң да, қандай жетістікке жетсең де, ең алдымен, бастысы - адам болып қалу. Сенің атыңды тегің не туыстарың емес, сенің іс-әрекетің, дәл осы сәтте істейтін нәрсең танытады. Өткенің тек сауалнама секілді қалады, ал бүгінгі сөзің, шын жүрекпен істейтін әрекетің - бастысы сол. Біз таңғы 6-дан кешкі 9-ға дейін өмір сүреміз, өмір сонымен де қызық", - дейді ол.
Сонымен қатар, Мақсұт Жұмаев жары Ольганың бағалайтын қасиетін айтты. Ол, ең алдымен, шынайылық пен жан дүниесі.
"Оның жан дүниесі мейірімге толы, ашық, үнемі жылу шашып тұрады. Әрине, ұшқын болды, мейлі адамдар қызғансын, солай үлгі алсын, бірақ кез келген адам махаббатқа лайық. Мен үшін Ольга Сергеевна - жай ғана мен жақсы көретін, бағалайтын әйел, ана, адам емес, оның орны ерекше. Махаббат - ол Құдай, оның болмысы сол, сен оны ұстай аласың. Егер сен ол адамды жақсы көрсең, көзіңді жұмған кезде оның жылулығын, махаббаттың ерекше көрінісін сезінесің. Егер сіз оны Құдайдың сүйіспеншілігімен салыстырсаңыз, онда барлық адам бақытты болар еді және махаббатты түсінбеймін деп айтпайтын шығар", - дейді спикер.
Жоба қонағының сөзінше, ол жарын өзі бақытты екенін айтып қуантады.
"Себебі бақытсыз адам бар жерде бақыт құру мүмкін емес. Егер мен бақытты болсам, мен оны басқаға жұқтырамын, оны бақыт вирусымен қоршап аламын. Мен тауды бағындырғаным үшін емес, ол менің жанымда болғандықтан бақытты екенімді түсінемін.
Бірде беделді бір офицер, ер адамның үш анасы - Отан анаң, сені туған анаң және саған бала туып берген ана барын айтқан. Осы үш ана үшін ер адам өз ойын білдіріп, даму үстінде болады. Ол - қорғаушы, ол - мұзды жарып, алға жылжып келе жатқан адам, ол үшін құнды нәрсе оның бір бөлігі екенін түсінеді", - дейді ол.
Мақсұт Жұмаев балалары шынайы өскенін қалайтынын айтады.
"Қазір бәрі виртуалды, адамдар виртуалды өмір сүреді, виртуалды түрде араласады, виртуалды махаббат, арман, жұмыс. Ал менің балаларым шынайы өмір сүрсе, оның дәмін сезініп, оны ешқашан жоғалтпаса деймін. Өмірдің жүйкесін мына керемет өмірдің әр сәтінен іздесе. Махаббатта да жүйке болуы керек, ол жеті мөрдің артында, қан тамырларының артындағы тіндерде тереңде болмауы керек.
Мен балаларыма уақыт бөлген кезде, олардың өмірінде қандай да бір өзгеріс болса, бір нәрсе үйренсе деймін. Егер біз тауға шықсақ, балаларымның әлсіреп қалғанын көрсем, ол үшін ұрыспаймын, өмірім арқылы, өмірлік тәжірибем арқылы оларға үлгі көрсеткім келеді. Менің құндылығым сол. Сол секілді Эверест шыңын мысалға алып, оны қалай қолдана алатынын көрсете аламын", - дейді спикер.
Әңгіме барысында балаларға қатысты өорлық мәселесе, педофилия тақырыбы қозғалды. Мақсұт Жұмаев тек балалары үшін емес, сондай-ақ өзі үшін де алаңдайтынын жеткізді:
"Себебі мен не ГПК, не УПК мақұлдамайтын дағдыларым бар, меніңше, кез келген ата-ана төтенше шараға барады. Баланы қалай қорғау керек? Біріншіден, ол - тәрбие, білім, баламен ақылдасып алатын ережелер жинағы, оны тек қайталап қоймай, кез келген жағдайда қолдана білу керек. Балаға нақты түсіндіру керек. Ол отбасының жауапкершілігі, егер сен қорықса баланың жасаған қатесі үшін сөкпей, жағдайды нақты әрі сабырмен түсіндіру керек, ол ата-аналарға байланысты", - дейді Мақсұт Жұмаев.
ЕР-БАТЫР - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Оcеанман кітабының авторы Ержан Есімxанов болды.
Жобаның барлық шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.