Омега-3 майлы қышқылының күтпеген зияны аталды

Омега-3 майлы қышқылдары - денсаулығына мән беретін адамдар арасында танымал биологиялық белсенді қоспа. Жалпы бұл қоспа ағзаға пайдалы, бірақ оны артық етпейді деп іше беруге болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DoctorPiter-ге сілтеме жасап.

Омега-3: балық майының пайдасы

Кей зерттеу авторлары омега-3 жүрек ауруларымен байланысты үш глицеридтердің деңгейін 10-15 пайызға азайтады, әсіресе егер адам күніне екі грамнан артық ішетін болса.

Сондай-ақ омега-3 жүрек талмасы қаупін және жүрек ишемиялық ауруынан болатын өлімді азайтатынын дәлелдеген зерттеулер бар. Тіпті күніне салыстырмалы түрде аз болып саналатын 500 миллиграмның өзі жақсы әсер береді.

Балық майы көздің торлы қабығын қорғап, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсер бере алады.

Балық майы теріні ультракүлгін сәулелерден қорғауға, тері қатерлі ісігінің қаупін азайтуға және жаралар мен жарақаттардың тез жазылуына ықпал етеді.

Омега-3 құрсақтағы нәрестенің ми мен торлы қабығының дамуына көмектеседі. Сонымен қатар ғалымдар жүктілік кезінде омега-3 қоспаларын қабылдау нәрестенің мерзімінен бұрын босану және салмағы аз болу қаупін төмендететінін анықтады.

Annals of Nutrition&Metabolism журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар омега-3 баланың танымдық, моторлық және визуалды дамуына көмектеседі деген қорытындыға келген.

Балық майы әдетте атеросклерозды емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Омега-3 май қышқылдары қандағы зиянды холестеринді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоспа қан қысымын реттеуге көмектеседі.

Омега-3: балық майы несімен қауіпті?

Кейбір адамдарда балық майы асқазан-ішек жолдарының проблемаларын тудыруы мүмкін. Мысалы, қыжыл немесе диарея. Сонымен қатар кейбір ғалымдар балық майын тұтынуды аритмия қаупінің жоғарылауымен байланыстырды.

Сондай-ақ халықаралық зерттеушілер тобы сау адамдарда балық майы инсульт қаупін арттыруы мүмкін екенін анықтады. 

Қалай болғанда да, балық майын сатып алып ішпес бұрын, алдымен дәрігермен кеңесу қажет.

Омега-3 қанықпаған май қышқылдары жасуша мембраналары мен қан тамырларының құрамына кіреді. Олар толыққанды тамақтанудың қажетті компоненттерінің бірі. Омега-3 қышқылдары балықта, моллюскаларда және балдырларда болады, бірақ барлық адамдар мұндай тағамдарды ұнатпайды, сондықтан мамандар ағзадағы осы қышқылдардың жетіспеушілігін балық майымен немесе арнайы тағамдық қоспалармен толықтыруды ұсынады.

Еске салайық, бұған дейін терапевт неліктен ББҚ-ларды дәрігер кеңесінсіз ішуге болмайтынын айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!