Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды. Қайғылы оқиға Омбы – Майқапшағай трассасында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бетпе-бет соқтығысқан қос көліктің ішінде 10 адам болған. Жүйткіп келген "Тойота Камридің" бірі қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан екінші көлікке жаншылған. Екі адам сол жерде тіл тартпай кетсе, тағы екі жолаушы ауруханада жан тапсырды. Жапырылған қос көлік жарамсыз болып қалған.
"Омбы – Майқапшағай тасжолының 670 және 671-шақырымында жол апаты болды. "Тойота 25" маркалы автокөлігі қарама қарсы бағытқа шығып, "Тойота 70" маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Төрт адам қаза тапты. Жолға шыққанда жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - деді Абай облысы полиция департаменті патруль полиция қызметінің инспекторы Алмас Айтқалиев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!