“Өлтіріп, телефонын алып кеткен“. Сот Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкімді түсіндірді

Атырау сотында алдын ала сөз байласу арқылы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотта не анықталды?

2022 жылы Х. жәбірленуші Л.-мен кездесе бастаған. 2024 жылғы шілдеде Л. оның басқа қызбен қарым-қатынасы туралы біліп, оның арты жанжалға ұласқан. Сот мәліметінше, осы жанжал тарап кетуінен қорыққан Х. Л.-ны өлтіруді ұйғарып, досы К.-ны көмекке шақырып, оған 500 000 теңге уәде еткен.

"2024 жылғы қазанда К. мен Х. жәбірленушіні өлтіріп, одан кейін оның құны 700 000 теңге тұратын телефонын алып кеткен", - деп жазылған мәліметте.

Сот шешімі

Олардың кінәсі жәбірленуші мен куәлерлердің айғақтарымен, оқиға орнында түсірілген бейнежазбалармен, сотталушылардың хаттарымен, сараптама қорытындысымен толық расталған.

Сот үкімімен сотталушылар ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7, 8-тармақтарымен, 202-бабы 2-бөлігінің 6-тармағымен кінәлі деп танылды.

"Адам өлтірудің аса ауыр және жеккөрінішті сипатын, сотталушылардың жеке басын, олардың қылмысқа дейінгі және одан кейінгі әрекетін ескере отырып, сот кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.   

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!