"Өлтіріп тастайды". "Азия" тобы өздері туралы ел аузындағы сұмдық қауесетті айтты

Эстрададағы танымал әншілерден құралған "Азия" тобы неліктен көп көрінбей кеткендерін айтты. Бұл туралы олар "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншілердің сөзінше, биыл 20 жылдыққа дайындалады.

"Азия" тобы тарады деген қауесет баяғыдан бар. Екі-үш жыл ән шығармай қойсаң, тарап кетті дейді. Ол үйреншікті нәрсе немесе өлтіріп тастайды, бізде Құдайға шүкір ондай болған жоқ. Қауесет тарай береді. Сіздердің алдарыңызда бағдарламада отырғанымыздың өзі дәлел ғой "Азия" тобының бірге екеніне. Екіншіден, келесі жылы 20 жылдық Құдай қаласа. Хит шығаратын машина емеспіз, тірі организм болғаннан кейін шабытымыз халықпен үндесіп жатады, ол хит болады немесе үндеспей қалады. Біресе әнің хит болады, біресе болмай қалуы мүмкін. Ең бастысы ниетіміз түзу. Жұмыс істеп жатырмыз, тараған жоқпыз, тарайтын ой жоқ. Ең басында топ құрылған кезде де бауырмыз деп құрылғанбыз", - дейді топ мүшесінің бірі.

Айта кетейік, "Азия" тобы "Опмай опмай", "Ғажайып күй", "Аппағым", "Биле" секілді танымал әндерді орындайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!