- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өлтіремін деп қорқытқан"....
"Өлтіремін деп қорқытқан". Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін кепілге алған
Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін кепілге алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Оқиға 19 наурызда болған. Сайрам ауданы 102 пультіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түсті. Облыс тұрғынының қызы мен 2021 жылы ажырасып кеткен күйеу баласы жанжалдасқан. Ер адам әйелді пышақпен қорқытып, кепілге алып, Қызылорда облысына қарай бағыт алып, өлтіремін деп қорқытып алып кеткен. Күдікті әйелді қудалап, жауапқа тартпақ болған.
Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрылып, "Арлан" арнайы жасақ күшімен Асар ықшам ауданының маңында күдікті құрықталып, жәбірленуші босатылды.
Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болғаны, 3 баласы бары, 2021 жылдан бастап олар ажырасқаны белгілі болды. Күдікті бұрын екі рет сотталған, лудоманияға шалдыққан. Ол қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек