- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өлтірем". Шымкенттегі гүл...
"Өлтірем". Шымкенттегі гүл дүкенінде "прокурордың ұлы" қызметкерге қоқан-лоқы жасаған
Шымкент прокуратурасы гүл сататын дүкеніндегі резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, 8 тамызда әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Romantic гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін тудырған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған.
"Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, шымкенттік гүл дүкеніндегі заңсыз әрекеттері үшін жеті тәулікке қамауға алынған.
"Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде сатып алушының заңсыз әрекеттері түсірілген видео тарады. Тұран АПБ қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде құқық бұзушыны анықтап, оны полицияға жеткізді. Алайда сатушы ер адамға қатысты арыз жазудан бас тартты. Осыған қарамастан, полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама жасады", - деді Шымкент полициясы өкілдері.
Іс бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілгенін атап өткен жөн. Сот қаулысына сәйкес ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан