Желіде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқаны бейнеленген видео тарады. Полиция қызметкерлері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео ер адам әйелге "Өлтіре алмай жүрсің бе? Баланы алып бара жатқаныңды неге айтпайсың?" деп әйелді ұра бастайды.
Ескертейік, видеода балағат сөздер бар!
"Бұл дерек Қарасай аудандық ПБ Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелгенін хабарлаймыз. Жедел іздестіру шаралары барысында 1979 жылы туған А. есімді ер адам Қарасай аудандық ПБ-не жеткізілді. Қазір жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - делінген жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!