Қостанай тұрғыны жылу трассасы маңында жатқан үйсіз адамды байқап, көмекке ұмтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кілемге оралған күйі жылу трассасы маңында тоңып жатқан қарт адамның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары оның қарттар үйінің маңында жерде жатқанын жазды.
"Сен, өліп қалма, түсіндің бе? Қазір бірдеңе ойлап табамыз. Мүмкін біреу көріп, көмектесетін шығар. Сау бол, кейінірек келемін", - дейді видеода ер адам.
Полиция департаменті мәліметінше, 55 жастағы ер адамды қалалық қайта әлеуметтендіру орталығы анықтаған.
"Болжам бойынша ер адам - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам. Қазір ол тексеру үшін "Қостанай қалалық өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" КММ-ге жеткізілді. Қажет болған жағдайда ол ауруханаға жатқызылады немесе орталыққа орналастырылады. Ол үйленбеген, балалары жоқ. Бұған дейін де орталыққа түскен", - делінген Қостанай облысының Полиция департаменті мәліметінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!