Әлеуметтік желіде тойда қонақтарды шошытқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда даяшы жүріп бара жатып кенет құлап қалғаны көрінеді. Келген қонақтар бұл жағдайды көріп шошып кетеді. Осы сәтте оператор оның жанына жүгіріп келіп, көмектесе бастайды. Ал даяшы орнынан атып тұрып, билеп кетеді.
"Қазір тойларда осындай пранктар көбейіп кеткен… Дұрыс деп ойлайсыздар ма?" - делінген желіде тараған видеолардың жазбасының бірінде.
Желі қолданушылары да мұны алғашында шынайы оқиға деп қабылдапты.
"Өліп қалды ма деп қорқып едім", "Не деген әзіл", "Дұрыс емес мүлде, "Жүрегім зу етті құрсын", "Адамның жүрегін ұшырады ғой…", "Дұрыс емес, мен болсам ана жерде жүрек шыдамай жүгіретін шығармын ана жігітке қарай тұрғызуға қарап тұрмай", "Кейін мұны пранк деп қабылдап отыра бермесек болғаны", - дейді олар.
Видео Өзбекстанда түсірілген болып шықты. Бұл шоу көрсететін топтың қойылымы екен.
Оның үстіне олар мұндай пранкты бұған дейін де жасап жүрген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!