- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өліп жігіт іздеудің...
"Өліп жігіт іздеудің қажеті жоқ". Аружан Жазылбекова жас қыздарға кеңес берді
Фото:
Instagram/arujazz
Танымал актриса Аружан Жазылбекова жас қыздарға бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram Stories-інде "сұрақ-жауап" айдарында бөлісті.
"Мынадай хабарлама көп. Бірақ мен нақты бірнәрсені бөлісе алмаймын, сұрасаңыздар айтайын.
- Фокусты өзіңізге қойыңыз. Болашағыңызға, мақсатыңызға, оқу мен мансабыңызға назар аударыңыз.
- Өзіңізбен қарым-қатынасты жөндеңіз. Өзіңізге сенімділігіңіз ақсап жатса, көтеруге тырысыңыз.
- Қандай да бір қорқыныш болса, оның себебін анықтап, жеңуге тырысыңыз.
- Қаржы жағынан тәуелсіз болуға тырысыңыз. Ақша табыңыз, жинаңыз, инвестициялаңыз.
- Ресурсты ер адамға құртпаңыз. Өліп жігіт іздеудің қажеті жоқ. Күйеуге шығып, бала туу туралы ойламаңыз. Бәріне үлгересіз. Тұрмыс құрмас бұрын аяққа нық тұру керек.
- Өмірден ляззат алыңыз, дос болыңыз, билеңіз, тамақтаныңыз, әдемі киініңіз, бүйрегіңізді сақтаңыз! Қысқа жейделер, әрине, жақсы, бірақ бүйрек одан да маңызды", - дейді актриса.
Сондай-ақ, өнер иесі үйлену тойын өткізбегенін айтты.
"Тойымыз болған жоқ. Бұлқан-талқан болып дайындалуды қаламадық. Жай ғана қол қойып, шампан іштік", - дейді ол.
Айта кетейік, Аружан Жазылбекова - танымал қазақстандық актриса. Ол "Рэкетир", "Алтын Орда", "Анаға апарар жол" фильмдеріне түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек