Бекболат Тілеухан коронавирус кезінде қатты ауырғанын әңгімеледі. Ол бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, коронавирустан кейін денсаулығы нашарлаған.
"Ковидтен кейін денсаулығым төмен түсіп кетті. Жан-жақты төмендеп кетті. Жас 60-қа қарай бет алды. 57-ге аяқ бастым. ...2020 жылдың 12 шілдесінде өлімнің табалдырығын аттап, кері қайттым. "Ковидтен өлдім" деп ойлаған едім. 78 пайыз өкпе қабынған. Қоштасып, мирасымды айтып, қайтып келгеннен кейін қазір жала жауып, жанымды қинап жатқан кезде "сол кезде өліп қалсам, не болар еді?" деп күлкім келеді. ...Екі ота жасатып үлгердім. Соның арасында керек қылып жатқан адамдар бар", - дейді Бекболат Тілеухан.