Аптап ыстықта көлеңкеде отырғымыз келеді және салқындау суға түсіп, сергіп алғымыз келеді. Сондықтан көшеде келе жатып субұрқақ көрсеңіз, оған қол-аяғыңызды батырып алғыңыз келуі мүмкін. Ал балалар болса, тіптен, оның ішіне кіріп кетіп, суға түседі. Алайда бұл жаман идея. Massaget.kz субұрқаққа суға түсудің қаупін ұсынады.
Субұрқақтар - қаланы көркейту элементтері. Олар ауаны ылғалдандырады және орналасқан жеріне эстетикалық түр сыйлайды. Ол суға түсуге арналмаған.
Жұқпа жұтыру қаупі
Әдетте субұрқақтардағы су тазартылмайды және жаңартылмайды. Жазда субұрқақтардағы суға жануарлар мен құстар да келеді және олар түрлі инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін. Ал жаздағы жоғары температура микроағзалардың көбеюіне ықпал етеді.
Субұрқақта ойнау жедел ішек және респираторлық жұқпаларға, конъюнктивитке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ энтеровирустық, ротавирустық инфекция, вирусты А гепатитін жұқтыру қаупі жоғары.
Зақым алу қаупі
Судың астында әдетте құбырлар, сорғылар, жарықшамдар жасырынып тұруы мүмкін. Оған аяғыңыз ілініп қалып, құлауыңыз мүмкін. Оған қоса, субұрқақтың беті де тайғақ болады. Бұл одан тайып кетіп, құлауға және түрлі зақым алуға әкелуі мүмкін.
Өлім қаупі
Қауіпті жағдайлардың бірі - субұрқақта тоққа түсіп қайтыс болу.
Ересектер де, балалар да сақтық шараларын сақтау керек:
Еске салайық, 17 жастағы жігіт Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқаққа түсіп, селфи жасамақ болған. Алайда ол суға құлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз