Танымал блогер 5 жасар зорланған қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көпшілікке "Жаным баклажаным" лақап атымен танымал Айдын Тоқсанбаева Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдіріп, педофилдерге қатаң жаза қолданылуын талап етті.
"Хайуандарды, осылай жібере берсе әрине, зорлау да, өлім де көп болады! Ондай педофилдердің туыстары негізі біледі қандай екенін, бірақ жасырып қалуға тырысады! Туғаны ғой деп! Басқаның баласы олар үшін бала емес, главное осындай хайуан туғандары аман жүрсін! Зорланған қыздардың да туғандарының арасында үндемей қалғандары қаншама, қыздын тағдырын ойлайды, оған қоса одан ол жануар өлмейді дейді де үнсіз қан жұтады! Бірақ сол үнсіздік өздерінің бастарынан өткен қорқынышты жағдай, өзге қыздардың да басынан өтуіне жол салады, өйткені хайуан жазасыз қалады! Өлім тілеймін! Әр сәбиге қорлық көрсеткен еркексымақтың салбырап жүрген етін кесіп тастап, крысаға көзінше жегізсін! Жұрттың көзінше дарға ассын, қинап өлтірсін!!! Тірі алып қала алмасын! Соттап, кейін босатып "Енді не істер екен?" деп "гадать" не надо! Өлтірсін!!! Өлім талап етеміз! Қаншама сәби зорлық көру керек, өлім жазасы енуі үшін?", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогерді қолдап, пікір қалдырды.
"Өлім жазасын берсін", "Неге педофилдер жеңіл жазамен құтылып кетеді", "Халықтың алдында өлтіру керек", "Қатаң заң болуы тиіс. Ол заң жүзеге асуын қадағалайтын БІЗ!Халық саясатқа белсенді болу керек", "Балаларды қорғау заңын күшейту қажет",- деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!