Олжас Сүлейменовтің кандидатурасы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олжас Сүлейменовтің "Невада-Семей" қозғалысы аясындағы қызметі Семей ядролық полигонын жабуда шешуші рөл атқарған.
"Оның бастамасы, Қазақстан жүргізген халықаралық кампания нәтижесінде әлемнің бірнеше елінде (соның ішінде Невадада - еск.) тағы төрт ірі ядролық полигон жабылды", - деп жазылған "Байтақ" жасылдар партиясы хабарламасында.
Нобель комитетіне оның кандидатурасын қарастыру жөнінде ресми өтініш жіберілген.
Айта кетейік, Олжас Сүлейменов - қоғам қайраткері, ақын, жазушы, лингвист ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы (1990), Қазақстанның Еңбек Ері (2016), "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!