Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылды

Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылды
Фото: ҚР Әзербайжан Республикасындағы елшілігі

Олжас Сүлейменовтің кандидатурасы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олжас Сүлейменовтің "Невада-Семей" қозғалысы аясындағы қызметі Семей ядролық полигонын жабуда шешуші рөл атқарған.

"Оның бастамасы, Қазақстан жүргізген халықаралық кампания нәтижесінде әлемнің бірнеше елінде (соның ішінде Невадада - еск.) тағы төрт ірі ядролық полигон жабылды", - деп жазылған "Байтақ" жасылдар партиясы хабарламасында.

Нобель комитетіне оның кандидатурасын қарастыру жөнінде ресми өтініш жіберілген.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменов - қоғам қайраткері, ақын, жазушы, лингвист ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы (1990), Қазақстанның Еңбек Ері (2016), "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget