- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Олжас Сүлейменов Ақсақал...
Олжас Сүлейменов Ақсақал кеңесіне төраға болып сайланды
Қазақстанның экологиялық проблемаларымен айналысатын «Байтақ болашақ» экоальянсының жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесіне елімізге танымал зиялы қауым өкілдері мүше болып қабылданды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеңеске Экоальянсқа қамқорлық бағыт сілтейтін зиялы қауым өкілдері тартылды.
Олардың қатарында: Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов, Амангелді Айталы, Тоқтар Әубәкіров, Асқар Жұмаділдаев, Фарид Галимов, Талғатбек Абайдильдин, Мұрат Әуезов, Сейдахмет Құттықадам, Владислав Косарев, Ирак Елекеев, Сабыр Қасымов, Тарасенко Елена, Хасен Қожахмет, Мэлс Елеусізов, Кәріпбек Күйіков, Махамбет Хакимов, Орақ Әлиев, Зейнулла Алшынбаев, Мұхтар Төлеутаев, Қойшығара Салғарин және т.б. белгілі қоғам қайраткерлері бар.
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып Альянстың құрметті президенті Олжас Омарұлы Сүлейменов сайланды.
Сондай-ақ, Кеңестің алғашқы отырысы Қоршаған орта мен экологияның жағдайын талқылаумен бірге Экоальянстың 2017 жылға бағытталған жұмыс жоспарын мақұлдады.
Айта өтейік, зиялы қауым өкілдерінің басып қосып, экологиялық проблемаларға алаңдаушылық білдіріп отырған «Байтақ болашақ» экоальянсы 2016 жылғы қазан айында қоғам белсендісі, белгілі бизнесмен, меценат Азаматхан Әміртаевтың бастамасымен құрылған болатын.
Г. Берік