Алматыдағы «Олжа» базарында тұтанған өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz порталының тілшісі. Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Шарпыған өрт сағат 18:43-те сөндірілді. Тілсіз жауды тоқтату оңай болған жоқ. Оны сөндіруге қалалық 360 Төтенше жағдай қызметкері мен 50 техника және арнайы тікұшақ жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:39 «Олжа» базарынан өрт шықты. Куәгерлердің айтуы бойынша, аяқ киім сақталған қойма өртенген.