Алматыда Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанованың үйлену тойы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нариман Құрбановтың әйелі де спортшы. Екеуі үш жыл қыз-жігіт болып жүрген. Айта кетейік, Аида Бауыржанова - гимнастикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Спортшылардың үйлену тойы Алматы қаласында өткен. Тойға қазақстандық танымал спортшылар шақырылды.
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин екі спортшының үйлену тойынан фото-видео жариялады.
Еске салайық, Аида Бауыржанованың ұзату тойы бір апта бұрын Астанада өткен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!