Париж Олимпиада ойындарының күміс жүлдерегері Нариман ҚұрбановАлматы әуежайында берген сұхбатында жақында болашақ жарына үйленуге ұсыныс жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жауапты сәтті 3 жылдан бері созып келеміз. Олимпиада ойындарынан соң отбасын құруды ойластырғанбыз. Сәті келді деп ойлаймын. Нақты уақытын айтпаймын, бірақ жақын арада болашақ жарыма үйленуге ұсыныс жасаймын", - дейді Нариман Құрбанов.
Олимпиада жүлдерінің болашақ жары Аида Бауыржанова да спорттық гимнастикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
"Әлі сене алар емеспін". Олимпиада жүлдегері Құрбанов жеңісін кімге арнағанын айтты
Еске салайық, тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Нариман Құрбанов бүгін Алматыға келді.
"21 жыл дайындалдық" - Күміс жүлдегер Құрбановтың әкесі ұлының жеңісі туралы
Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!