Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы турнирде өнер көрсетпекші

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Цинциннатидегі турнирге қатысуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина осы жылы денсаулығына байланысты наурызда Индиан-Уэллсте және мамырда Римде өткен WTA 1000 турнирлеріне қатысудан бас тартты.

Екі спортшы да маусым айында Уимблдонда өнер көрсетті, бірақ Париж Олимпиадасына қатыса алмады және Торонтодағы WTA 1000 турнирін де өткізіп алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!