Олимпиададан кейінгі дау: Спортшыларға 5 миллион доллар төленген

 Олимпиададан кейінгі дау: Спортшыларға 5 миллион доллар төленген
Фото: Паралимпиада комитеті/ Нұрғали Жұмағазы; Olympic.kz/ Сали Сабиров

Туризм және спорт министрлігі Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлеріне уәде етілген сыйақыларды төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Парижде (Франция) өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері жарыс аяқталғанына сегіз ай өтсе де, сыйақыларын алмағаны хабарланған еді.

Кейін министрлік 25 сәуірде Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне иеленген медальдары үшін сыйақы берілгенін мәлімдеді. Редакция тілшісі министрлікке барлық спортшылар сыйақысын алды ма деген сауал жолдаған. Министрліктің жауабына сәйкес, 49 спортшыдан бөлек, олардың бас, жеке және алғашқы бапкерлеріне де төлем жасалған.

"Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына арналған тиісті қаражат бөлінді. Жалпы есеппен 49 спортшы мен 63 бапкер сыйақы алды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1-6 орын алған спортшыларға төмендегідей сома төленеді:

1-орын – 250 000 доллар
2-орын – 150 000 доллар
3-орын – 75 000 доллар
4-орын – 30 000 доллар
5-орын – 10 000 доллар
6-орын – 5 000 доллар

Сонымен қатар, бапкерлерге де ақшалай сыйақы қарастырылған. Қазіргі таңда төлемдер бойынша барлық міндеттемелер орындалды", – деп жауап берді министрлік тілшіміздің сұрауына. 

Олимпиада – 2024 жүлдегерлеріне төленген сома:

Елдос Сметов – 250 000 доллар (алтын)
Нариман Құрбанов – 150 000 доллар (күміс)
Демеу Жадраев – 150 000 доллар (күміс)
Нұрбек Оралбай – 150 000 доллар (күміс)
Александра Ле – 75 000 доллар (қола)
Ислам Сәтпаев – 75 000 доллар (қола)
Назым Қызайбай – 75 000 доллар (қола)
Гусман Қырғызбаев – 75 000 доллар (қола)
Милад Карими – 10 000 доллар (5-орын)
Әбиба Әбужақынова – 10 000 доллар
Әмір Маймұратов – 10 000 доллар
Айбек Оралбай – 10 000 доллар
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 10 000 доллар
Сәкен Бибосынов – 10 000 доллар
Александра Ле – 5 000 доллар (6-орын)
Руслан Курбанов – 5 000 доллар
Эльмир Әлімжанов – 5 000 доллар
Вадим Шарлаимов – 5 000 доллар
Ерлік Сертай – 5 000 доллар

Жалпы Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға – 1 085 000 доллар төленді.

Паралимпиада-2024 жүлдегерлеріне төленген сома:
Давид Дегтярев – 250 000 доллар (алтын)
Ақмарал Науатбек – 250 000 доллар (алтын)
Еркін Ғаббасов – 150 000 доллар (күміс)
Нұрдәулет Жұмағали – 150 000 доллар
Ерғали Шәмей – 150 000 доллар
Дастан Мұқашбеков – 75 000 доллар (қола)
Даяна Федосова – 75 000 доллар
Зарина Райфова – 75 000 доллар
Жүрқамырза Шүкірбеков – 75 000 доллар
Раушан Қойшыбаева – 30 000 доллар (4-орын)
Камиля Досмалова – 10 000 доллар (5-орын)
Нышан Өмірали – 10 000 доллар
Нұрлан Домбаев – 10 000 доллар
Гүлбақыт Қайыржанова – 10 000 доллар
Аяла Мереке – 10 000 доллар
Рахметжан Хамаев – 5 000 доллар (6-орын)
Түрсынәй Қабыл – 5 000 доллар

Жалпы Паралимпиада қорытындысы бойынша – 1 460 000 доллар төленді.

Олимпиада мен Паралимпиада бойынша барлығы: Жүлделі орындар үшін 2 545 000 доллар төленді. Ал бапкерлерге де дәл сондай сома бөлінгендіктен, мемлекеттік бюджеттен жалпы көлемі – 5 090 000 доллар жұмсалды.

Айта кетейік, бұған дейін велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров мемлекеттен сыйақысын ала алмай жүргені хабарланған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget