Олимпиададан кейін қызметінен босатылған экс-министр жаңа лауазымға тағайындалды

Ермек Маржықпаев Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ермек Маржықпаев – 1969 жылы Астанада дүниеге келген. 

Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрі лауазымын атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!