Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.
41 жастағы Серік Сәпиев - экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.
Комиссия сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтің кандидатурасын да келісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!