Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраевтың туған-туысқандары Алматы әуежайында, күтіп алуға дайын тұр. Алайда рейс кешігіп келе жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы мінген ұшақ кесте бойынша таңғы сағат 3:40 та келу керек болған. Дегенмен рейс 3 сағат 35 минутқа кешігіп жатыр. Жадраев Алматы әуежайына 7:15 те келіп қонбақ. Барлық Жаркенттіктер балуанды күтіп алуға жиналып тұр.
Фото: Есентемір Ерболұлы