Олигополиялардың Алатау етегіндегі, Бурабай ұлттық паркіндегі жері мемлекетке қайтарылды

2025 жылы мемлекет меншігіне Алатау етегінде, Каспий теңізі жағалауында орналасқан жер учаскелері қайтарылған. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет меншігіне Алатау етегінде, Каспий теңізі жағалауында, Бурабай ұлттық паркінде орналасқан олигополиялардың жері, сондай-ақ, жылдар бойы мақсатты түрде пайдаланылмаған қоғамдық жайылымдар мен өзге де алқаптар - барлығы 800 мың гектар жер қайтарылды", - деді Берік Асылов X желісінде.

Осылайша бірқатар өңірде жайылым тапшылығы мәселесі шешілген.

Сонымен қатар, мемлекет пайдасына 470 млрд теңге көлемінде қаражат пен мүлік тәркіленген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз