Қазақстан Ұлттық музейі елге қайтарылған кейбір активтерге мүдделі болып отыр. Бұл туралы қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, өнер мекемесі қайтарылған активтерді басқару бойынша серіктестіктің балансында тұрған 10 артефакт қызықтырып отыр. Артефактілерде тарихи-мәдени құндылық болуы мүмкін, сондықтан өнімнің нарықтық құнын анықтау мүмкін емес екені айтылды.
Сондай-ақ компания бұған дейін Ұлттық музей қызметкерлері артефактілерді зерттеп, зертханалық талдау жасағанын хабарлады. Мекеме талдау жүргізілгеннен кейін өнімдерді музей қорына өткізу туралы өтінішпен басқарушы компанияға жүгінген.
"Басқарушы компания оларды одан әрі Ұлттық музейге беру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру мәселесін қарастырып жатыр", - делінген компания таратқан хабарламада.
Егер жәдігерлер мұражайға өткізілсе, оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары жалғаса бермек.
БАӘ-дегі Дариға Назарбаеваға қатысы бар қонақүйлер мен виллалар: Қазақстан жаңа активтерді қайтарды
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!