Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда-саттық жасалған жоқ, өйткені бірде-бір қатысушы тіркелмеген.
Әзірге сатылмаған зергерлік бұйымдар арасында мынадай әшекейлер бар:
Сақина 85 гауһар таспен көмкерілген.
Бұл зергерлік бұйым салмағы 4,6 карат болатын ақ гауһар тастармен көмкерілген.
Әшекейдегі тастардың жалпы саны - 235, оның ішінде салмағы 5,46 карат болатын ақ гауһар тастар бар.
Сақинаның салмағы - 9,78 грамм, зергерлік бұйым 58 гауһар таспен көмкерілген.
Бүгін сатылымға 15 әшекей шығарылды, олардың құны 380 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін жетеді. Алайда олардың ешқайсы сатылмады.
Еске салайық, бұған дейін олигархтардан қайтарылған әшекейлердің суреті жарияланды. Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым болды. Олардың ішіндегі ең қымбаты DE BEERS сырғасы еді, құны 158 миллион теңгеге бағаланды. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!