- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ольга Шишигина "Бірінші...
Ольга Шишигина "Бірінші болу батылдық" КҚ қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді
Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина 2012 жылдан бастап "Алматы марафонын" және басқа да ірі спорттық іс-шараларды өткізетін "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесіне қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ольганың спорттық жолы жас спортшылар үшін ғана емес, спорт әуесқойлары мен кәсіпқойлар үшін де жақсы үлгі болып табылады", - деп қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов тағайындауға қатысты түсініктеме берді.
Қордың қамқоршылық кеңесіне басқа да танымал қазақстандық спортшылар – Юрий Мельниченко, Александр Винокуров, Дмитрий Баландин, Валихан Тен кіреді.
"Елордада және Қазақстан басқа өңірлерінде марафондарымызды, турнирлерімізді, жарыстарымызды ұйымдастыра отырып, біз әрқашан жүгіруге саналы көзқарас және кез келген стартқа мұқият дайындалу қажеттігі туралы айтамыз. Әрине, Ольга Шишигинаның тәжірибесі, білімі, әлемдік танымалдығы бізге көмектеседі, сондай-ақ жаңа қолдаушылар алып келеді", - деді "Алматы марафонының" атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
"Алматы марафонын" өткізген 11 жыл ішінде жалпы сомасы 199 млн теңгеге 30 қайырымдылық жобасы іске асырылды. 2022 жылы қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 45 500 000 теңгені құрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина