- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өлекселері өртелді". Ақтөбе...
"Өлекселері өртелді". Ақтөбе облысында малдан қарасан ауруы анықталды
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында ірі қарадан қарасан ауры табылды. Шаруа қожалықтарының бірінде 6 сиыр өлген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.
Бұл шаруа қожалығы Амангелді ауылына жақын жерде орналасқан. Эпизотияға қарсы топ екпе жұмыстарын жүргізді. Қора-жайлар залалсыздандырылды. Әкімдіктің шешімімен, қожалыққа шектеу шаралары енгізілді. Бір ай бойы сырттан мал әкелінбейді.
Сондай-ақ, мал өнімдері сыртқа шығарылмайды. Мұнда қазір 325 сиыр, 600-ге тарта қой-ешкі бар. Төрт түлік ауыл малынан бөлек жайылады. Ал малдың өлекселері өртелген.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжановтың айтуынша, бәрі бақылауға алынған.
"Шектеу шаралары тек "Самғат" шаруа қожалығының көлемінде өтеді.Бұл туралы Эпизотяға қарсы бөлім жұмыс істеп жатыр. Сауықтыру шараларын жүргізіп жатыр. 21 күнге созылады. Бүгінгі күні мал егіліп, бақылауға алынды", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы