Күн суытып тұмаумен ауыратындар саны өсіп жатыр. Мамандар осындай маусымдық инфекцияларды емдеуде адамдардың жиі жіберетін қателіктерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, көбінесе адамдар ауыра бастаса бірден антибиотик қабылдайды. Алайда, мұндай препараттардың әсері тек бактерияларға таралады, ал тұмау, ЖРВИ, ковид вирустың әсерінен болады. Ал, керісінше, бактериялық инфекциясы расталған науқастар оларды қолданудан бас тартады.
Тағы бір жиі кездесетін қателік - шамалы жоғары дене қызуын, мысалы 37 градусты түсіруге тырысу немесе керісінше, өзіңізді гипертермияға итермелеп, 39 градус және одан жоғары температураға шыдап, жата беру.
Сонымен қатар, ЖРВИ-мен ауыратын көптеген адам вазоконстрикторлық тамшыларды дұрыс қолданбайды, әсіресе балалар.
Сондай-ақ, жөтелге қарсы препараттарды дұрыс қолданбау аурудың асқынуына алып келеді. Егер адам кішкене жөтеліп бастағанынан-ақ, оны басатын дәрілерді қолдана бастаса, онда ағза қақырықтан өз күшімен арыла алмайды.
Айта кетейік, бұған дейін тұмауды дәрісіз емдеу жолдары хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дипфейк деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!