Алматы тұрғыны босанған әйелінің өліміне дәрігерлерді кінәлады. Жүрегі тоқтап қалған әйел қалалық ауруханада көз жұмды. Жүктіліктің 36-шы аптасында кенет Екатеринаның асқазаны қатты ауыра бастайды. Келген жедел жәрдем қызметкерлері әйелді тіркелген жеріндегі перзентханаға жеткізді. Балаларымен үйде қалғандықтан Евгений Филиппов әйелімен бара алмаған. Ал таңертең Евгений әйелінің көз жұмғанын естіген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Телефоны өшірулі. Яғни, бұл бірден алаңдаушылық тудырады, олай болмауы керек еді. Өйткені бұған дейін ауруханада болған, байланыста болған. Мен 5-перзентханаға бардым, олар маған: біз ауыстырдық дейді. Қайда? Не үшін? Мен перинатал орталыққа келдім. Олар маған оның және нәрестенің жағдайы ауыр екенін айтты", - дейді Алматы тұрғыны Евгений Филиппов.
Ер адамның айтуынша, перзентхана басшылығы босанған әйелдің бала кезіндегі жарақаты бар екенін айтқан. Бұл оның денсаулығының жағдайына әсер еткен көрінеді. Бірақ күйеуі мұнымен келіспеді. Алматылық жүктілік кезеңінің қалыпты өткенін айтты. Әйелін алаңдатқан жалғыз нәрсе - аяғының ісінуі.
"Меңгеруші қоңырау шалып: Евгений, сізде МРТ, КТ жасау үшін байланыстар бар. Тоқтай тұрыңыз, мекемесіз бе, маған хабарласып тұрсыз ба? Оның үстіне, бір тәулік өтті. Сонда не істедіңдер? Бір-екі сағаттан соң: өзіміз Қалқаманға апарамыз деп шештік, басын томографияға түсіреміз дейді. Және ол әлі де бала кезде алған жарақаттарға нұсқайды. Сағат 11 шамасында олар әйелімді сонда әкелді. Өкпесі тесілген, түтіктер тыныс алады, электрон аппарат тұр", - дейді Алматы тұрғыны Евгений Филиппов.
Бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер Екатеринаның қайтыс болғанын хабарлаған. Әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Ер адам дәрігерлердің уақытты босқа өткізіп алғанына сенімді. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын айтады.
"Өлімнің себебі - мидың ісінуі. Негізгі диагноз - help ауыр преэклампсия синдромы - ұрықтың өсу тежелуінің ІІ дәрежелі синдромы, олигогидрамниоз. Жедел жәрдем бөлмесіне түскен кезде бұл диагноз қойылған. Жоғары қан қысымы, зәрдегі ақуыз", - деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасыры Назгүл Иманғалиева.
Ер адам құқық қорғау органдарына хабарласқан. Ол өлімге кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп қорқады. Екатеринаның үш баласы бар: бір ұлы және екі қызы. Оның ішінде жаңа туған Кристина. Балалар анасының қайтыс болғанын білмейді. Олар оның ауруханадан шығуын әлі күтіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!