- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Олармен келісу қиын...
"Олармен келісу қиын болды". Танымал әнші түсірілім тобына ренішін білдірді
Фото:
Фотоскрин
"Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынұлы өздері жайлы фильм түсірген топқа ренішін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, түсірілім тобы өнер иесіне айтпай, бәрін бастап қойған.
"Олар фильмді менімен ақылдаспады. Сценарий жазған, режиссер тапқан. Ақылдаспай сценарий жазып, түсірген. "Неге сіздер ақылдаспайсыздар?" деп ренжідім. Сосын сценарийдің 85 пайызын өзгерттік. Фильмде көрсетілгендердің бәрі шындық. Соның өзінде де маған қиын болды. Команда жастар, олармен келісу қиындау боды. "Егер осылай жалғастыра берсеңдер, қарсы шығамын" дедім. Сөйтіп, ақылдаса келе жөнге келдім", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы