- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оларды осылай өлтіремін"....
"Оларды осылай өлтіремін". Балаларын қылғындырып, видеоға түсірген әйелге айыппұл салынды
Өзбекстанда балаларын қылғындырыпғ видеоға түсірген әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ге сілтеме жасап.
Еске салайық, бұл оқиға биыл наурызда болған. Әлеуметтік желіде әйелдің балаларды қинап, қылғындырған видеолары тарады. "Әкеңе өліп барамын деп айт. Айт, сенімен қоштассын" деп әйел бірінші баласын қолына алып камераға көрсетеді.
Ол екінші баланы алқымынан алып, қинай бастайды. "Балаларыңды осылай өлтіремін, қара, мен оларды жібермеймін, өлтіремін, жанын аламын" деп Ресейде жұмыс істеп жүрген күйеуіне айтады.
Сот отырысында 23 жастағы жергілікті тұрғынның Ресей Федерациясында жүрген күйеуімен ұрысып қалғаны белгілі болды. Жанжалдан кейін ол ер адамнан кек алуды ұйғарып, оған балаларды қорлаған видеоны жіберген.
Қаттақорған аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен әйел 112-бап бойынша кінәлі деп танылып, оған қомақты айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек