- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оларды ешкім де,...
"Оларды ешкім де, ештеңе де қорғай алмайды". Нұрлан имам тоқал мәселесін көтерді
Танымал имам әрі теолог Нұрлан Байжігітұлы Қазақстандағы тоқал және көп әйел алу туралы мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Теологтың айтуынша, екінші, үшінші және одан кейінгі де әйелдерді "Қазақстанда ешкім де, ештеңе де қорғай алмайды". Ол, әдетте, бірінші әйелдер күйеуінің тоқалы не екінші әйелі барын кейін білетінін айтты.
"Осыған байланысты отбасы бұзылады, балалар шеттетіледі, бірге өмір сүре алмайды. Сондықтан бұл - үлкен мәселе. Жалпы бұл туралы Құранда жақсы аят бар. Алла Тағала Құранда: "Ек, үш әйел алуға болады, бірақ бір әйел алған жақсырақ" деген. Ал еліміздегі көп ер адам бұл қасиетті аяттың көп әйел алу туралы айтылған бірінші бөлігін ғана үйреніп алады. Ал жалғасында: біріншісі бәрібір жақсырақ, бір әйелмен өмір сүрген жақсы" делінген, - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек