"Олар туысқан болғысы келіп, жоспар құрған". Ер адамдардың 40 жылдық достығы Қазнетті тәнті етті

"Олар туысқан болғысы келіп, жоспар құрған". Ер адамдардың 40 жылдық достығы Қазнетті тәнті етті
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық әйел әкесінің және оның жолдасының таңғаларлық 40 жылдық достығы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.

Ақмарал Кенесова көпішіліктің назарын аударған видео жариялады. Ол нағыз достық қандай болуы мүмкін екенін көрсетті. Ер адамдар 60 жаста және олар өмірінің көп бөлігін бір-бірін қуанышты және қиын сәттерде қолдап өткізді. 

Бұл ролик миллионнан аса қаралым және жүздеген пікір жинады. Әлеуметтік желі қолданушылары әрқашан осындай ұзақ достық жайлы армандағандарын жазды.

"Олардың достығын бұзып алмауға тырысыңыздар", "Олардың бұл өмірде жолдары болды", "Орындалмаған арман", "Олар туысқан болғысы келіп, жоспар құрған", - деп жазды Желі қолданушылары.

@akmadim

♬ оригинальный звук - Акмарал Мейрамбековна

Ақмаралдың әкесінің есімі - Мейрамбек Кіркімбаев, ал досының аты - Қайрат Жакупов. Ер адамдар 1983 жылы танысқан. 

"Менің атам отбасымен бірге Теректі ауылына көшіп келген. Ал Қайрат ағаның ата-анасы сол жақта тұрған. Әкем екеуі сол кезде танысып, бірге оқыған және тіпті аудандық ішкі істер бөлімінде бірге жұмыс істеген. Олардың достығына шамамен 40 жыл болды", - дейді Ақмарал.

Содан соң балаларының арқасында олар туысқанға айналды. Көпшілік достар жастық шақта болашақ балаларын үйлендіргісі келеді, алайда әдетте бұл тек арман болып қалады. Бірақ Мейрамбек пен Қанаттың арманы орындалды.

Ақмарал Қайраттың баласына тұрмысқа шықты. Ақмарал олардың әкелері бұлай болатынын күтпегенін және бұл жаңалыққа таңғалғандарын айтты. Бірақ олар қатты қуанған. Той 2019 жылы болған. Жас отбасы Астанада тұрады. Мейрамбек Кіркімбаев Ивановка ауылындла, ал оның досы Өскеменде тұрады. 

Қазір жас отбасының 3 жасар баласы бар.

"Ата-әжелері немересін қатты жақсы көреді, өздерімен бірге серуенге алып шығуға тырысады. Біздің отбасылық кездесулеріміз әрқашан өте жылы өтеді. Екі ересек достың сүйікті қалжыңы - немеренің кімге ұқсағаны", - дейді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова