- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Олар салиқалы әйелдердің...
"Олар салиқалы әйелдердің күйеулеріне көз салады". Меруерт Әйтенова ажырасқан әйелдер жайлы сөз қозғады
Журналист, қоғам белсендісі Меруерт Әйтенова "Ашық подкаст" youtube-арнасында елімізде ажырасу көбейіп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазіргі Қазақстандағы 70 пайыз әйелдің ажырасуы қазақ үшін күлетін жағдай емес, оған жылауымыз керек. Ол деген қайғы. 70 пайыз әйел ажырасқан болса, 70 пайыз әйел күйеуінің артынан алимент өндіру үшін жүгіріп жүрген болса, бұл сұмдық жағдай. Заңгерлердің 90 пайыз жұмысы әйелдермен, олардың арқасында коучтар мен психологтар да байып жатыр. Әйелдер ар жағын ойламайды.
Сосын олар жай отырмайды. Бір ай өшпенділік болады. Одан соң заң арқылы күреседі, психологтарға барады. Солайша 6 ай өтті дейікші. Жарайды, 1 жылға дейін еркек іздемейтін шығар. Сосын далаға шықса, "сіз бір еркектен жәбір көріпсіз, тәуір әйел екенсіз" деп бойдақтар күтіп тұрмайды. Ол біздікі секілді салиқалы әйелдердің күйеулеріне көз салады. Ал мен секілді отбасын ұстап, қандай жағдай болса да, ішкі нәрсесін сыртқа шығармай отырған қаншама салиқалы әйел бар. Олар сол әйелдердің күйеулеріне көз салады. Бұл еркек деген езіліп тұрған әйелдің бәріне еріп кете береді деген сөз емес. Бірақ олардың ойын бұзады. "Кете бер, мен басқа әйел табамын" деп айтатын еркек санаулы. Ажырасудың барлық идеясын алып келетін - әйелдер", - деді Меруерт Әйтенова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова