Әлеуметтік желіде "өлә" сөзін айтып шулатқан жігіттің видеосы жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны qazaqstvnda есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазбаға 66 мыңнан астам ұнату белгісі басылып, 2000-ға жуық пікір жазылған.
"Шымкенттік жігіт "өлә" сөзінің қалай айтылуы туралы айтып, желідегілерді күлдіртті. Орыс қыз үйреніп, желіні шулатты", - делінген.
Желі қолданушылары бұл диалектке байланысты өз пікірлерін білдірді. "Өлә мөлә деген сөз жоқ қазақта. Қойыңдар тілді бұрмаламай таза қазақ тілін сақтап қалу керек", "сөздікте жоқ сөздер ғой", "қасқаның синонимі ғой", "жаным Шымкентім, жақсы көремін", "өләәә деп тек шымкенттің қазақтары гана айта алады", "Шымкентте шегірткені сөйлетіп жібереді", "“О Алла” деген сөзден шыққан екен осы сөз" деп жазды олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!