Ташкентте қыз учаскелік полиция қызметкері зорлағанын айтқан, - деп хабарлайды "Газета.uz".
Басылым мәліметінше, Қашқадария облысының тұрғыны У.Х. Ташкенттің Юнусабад ауданы Ішкі істер органдарының қызметін үйлестіру бөлімінің қызметкері 26 жастағы инспектор Х.О. зорлағанын жеткізген.
Оның айтуынша, оқиға 2021 жылғы тамызда Ташкенттегі жалдамалы пәтерде болған. Басылым мәліметінше, У.Х. 2019 жылы Ташкенттегі жоғары оқу орнына түсе алмаған соң, сонда қалып, анасы инсульт алғанына байланысты жұмыс істеуге бел буған. Ол Яшнабад ауданындағы Бухоро кафесінде жұмыс істей бастаған.
"Жұмыс барысында кафе иесінің инспектор болып жұмыс істеген ұлымен таныстым. Кафе оларға тиесілі болғандықтан, Х.О.-ны күн сайын көрдім. Бір күні ол маған ғашық екенін мойындады, оған сене бастадым", - деді ол.
Қыз бірге жалға алған үйде достары болмаған кезде инспектор келгенін айтқан.
"Ол үйде ешкім жоғын пайдаланып, мені зорлады. Қарсы болғаныма қарамастан, күш қолданып, мені қорлады. Шошып кеттім...", - деді өтініш беруші.
Қашқадария тұрғыны оқиғадан кейін әпкесіне не болғанын айтқан. Ер адам қыздың әпкесімен сөйлесіп, "барлық жауапкершілікті мойнына алып, оған үйленіп, АХАЖ-да тіркелуге ант берген".
У.Х. қазір жүктіліктің жетінші айында. Қыздың туыстары Ташкентке келіп, ер адамның туыстарымен кездескен, бірақ оның ата-анасы некеге келісім беруден бас тартқан. Қыз мәлімдемесі "негізсіз жабылғанын" айтады.
Ал инспектор қыздың сөздерін жоққа шығарған.
"Мойындаймын, арамызда шынында да жақындық болды. Тек бұл өзара келісіммен болды. Күш қолданбадым әрі оны зорламадым. Сонымен қатар, сол күні болған оқиғаны видеоға түсірдім. Прокуратура мұны зерттей бастағанда, оларға осы видеоны ұсындым. Видеода жыныстық қатынас екі жақтың келісімі бойынша болғаны көрсетілген. Сондықтан оның өтініші қанағаттандырылмады", - деді ішкі істер бөлімінің қызметкері.
Сондай-ақ, ер адам оның жүктілігіне қатысы жоғын айтқан.
"7 куәгердің көмегімен бұл қыздың маған дейінгі және менен кейінгі адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдедім. Сондықтан бала менікі екеніне сенбеймін", - деді ол.
Қыздың прокуратураға берген өтініші 2022 жылғы мамырда қабылданбаған.