- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өлі-тірі кәдесінің сыры...
Өлі-тірі кәдесінің сыры неде және бұл дәстүр жасалмаса не болады?
"Өлі-тірі" екі жас үйленгенде жасалынатын ең маңызды қазақи ырымның бірі. Қазақтар бұл салт жасалмаса, жамандық болады деп күтеді. Дегенмен бұл ырымның сыры неде екенін және ол жасалмаса не болатыны туралы айтылмайды. Сондықтан бұған жауап алу үшін Massaget.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлының көмегіне жүгінді.
"Өлі-тірі" кәдесінде қыздың қолын сұраған жігіт отбасы құдалыққа келгенде өлі-тіріге арнаған малын қоса алып келеді. Бұрын жылқы жіберілсе, қазір қой беріледі. Ғұрып бойынша әкелінген мал сойылып, өлілерге құран бағышталады. Егер жол алыс, тірі апару мүмкіндігі болмаса, жігіт жақ құран бағыштап сойып, малдың етін апарады. Кейде "өлі-тіріге атаған малдың ақшасы" деп қалың малға қосып береді.
Ғұрыптың сыры неде?
"Өлі-тірі" сөзінің мәні өлі және тірі, "алдағы құдалық баянды болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеміз" дегенді ұғындырады. Сондықтан әкелінген мал осы уәдеге атап сойылады. Малды қыздың үйі емес, бөгде біреу союы керек. Оның мәні екі жақтың анты үшін таңдамахшарда куә қажет, сонда тырып ете алмайтын заң болады. Өлтірі тойы өткен соң екі жақ бірін-бірі «құда-құдағи» дей беруге қақылы.
Өлітіріде құдалар жақтан сыбаға ас әкелінеді. Бұл аталған малға қоса, бір салым шай, тұз, киім, білезік және сырға секілді басқа да заттар. Әлі ұзатылмаған қызға ол еттен және жігіт жақ әкелген астан жеуге тыйым салынады.
"Өлі-тірі" жасалмаса не болады?
Бұл ғұрып жасалмаса, ата-баба аруағы назаланады, келін аурушаң болады, шаруашылық шалқымайды деген сенім бар. Ал Болат Бопайұлы кәденің жасалмауы, үлкендер аруағын сыйламағандық дейді.
"Қазақтың ескі ырымында аруақ аттамайды, ақ асты телміртпейді. Қызға құда түсіп өлі-тірі кәдесін қатар жасамаса, ата-баба аруағын сыйламағандық болып есептеледі. Аруақты сыйламаған аруды да сыйламайды, құдайсыз екен. "Қорықсаң құдайсыздан қорық " деген тәмсіл сөз содан қалған. Өлі-тірісі өтелмеген той жетім той деп сөккен. Сондықтан "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген мақал осы жолды ырымнен туған", - деп жауап берді этнограф.
Айта кетейік, бұған дейін қазақта құдалықта құда-құдағи төсекке аунайтын салттың болып-болмағаны туралы хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде құдалықта жұрт алдында төсекке аунаған құда-құдағидің видеосы тараған еді. Мұны көрген Желі қолданушылары ырымның бұл түріне таңғалып, түрлі пікір қалдырған.
Ал мұндай салт-дәстүрдің қазақ ұлтында бар-жоғына этнограф жауап берді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қанша әйел мен ер адам бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә