- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өлі табылған 4...
Өлі табылған 4 жасар баланың денесінде зорлық белгілері бар болып шықты
Полиция Ақтөбеде өлі табылған 4 жасар Данил Ахуновтың ісіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар денесі табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылғаны хабарланған болатын. 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. "Диапазон" мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина