Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинмен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің онымен кездесу өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ол кездескісі келеді, біз оны ұйымдастырамыз", - деді Трамп Мар-а-Лагодағы резиденциясында республикалық губернаторлармен кездесу алдында.

Бірақ  Трамп екі көшбасшы арасындағы келіссөздердің нақты уақытын атамады.

"Президент Путин кездескісі келеді. Ол бұл туралы ашық айтты, біз бұл соғысты тоқтатуымыз керек. Бұл қантөгіс пен тәртіпсіздік", - деп қосты сайланған президент.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамп арасындағы байланыстарға қатысты нақты жоспарлардың жоқ екенін, бұл мәселе бойынша америкалық саясаткерден әзірге ешқандай "импульстар" болмағанын мәлімдеген. Песковтың айтуынша, Трамптың қызметке кірісуін күткен жөн болар еді.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамптың командасы Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты көзқарасты қайта қарап жатқаны хабарланған болатын. БАҚ мәліметтері бойынша, соңғы апталарда Трамп командасымен соғысты тоқтатудың ықтимал жолдарын талқылаған еуропалық шенеуніктердің айтуынша, сайланған президенттің серіктестері қақтығысты қалай реттеу керектігі туралы әлі нақты шешім қабылдамаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!