- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ол әрқашан физикалық...
"Ол әрқашан физикалық тұрғыдан агрессивті болды". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-күйеуі өзін қанша рет ұрғанын айтты
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман "Умные люди с Асель Кожаковой" подкастына берген сұхбатында экс-күйеуі өзін қанша рет ұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Назым Қаһарман Бишімбаев өзін марқұм Салтанат Нүкенованы сабағандай ұрмағанын жеткізді.
"Біз бүкіл ел болып, қорқынышты кадрларды көрдік, әрине, менің өмірімде мұндай нәрсе болған жоқ. Бірақ, ол әрқашан физикалық тұрғыдан агрессивті болды, яғни физикалық абьюз болды. 14 жыл ішінде ол мені қанша рет ұрғанын есіме түсіруге тырыстым, бірақ шынымды айтсам, нақты есіме түсіре алмадым. Ол мені шамамен 6-8 рет ұрды. Бірақ ол ашық түрде ұрмайтын. Бір затты лақтырып жібереді, сені итереді, қолыңды қысып ұстайды, жаныңдағы затты сындырады, қабырғаны ұрады және тағы басқа. Әрине, бұл іс-әрекеттің бәрі артынша "сен өзің құладың, мен саған емес, басқа бұрышқа лақтырдым" дегенге айналады. Бірақ, білесіз бе? Мұндай іс-әрекеттен кейін сіз қорқып қаласыз. Мұндай әрекеттер ескерту үшін, бүгін болмаса, ертең ұратынын көрсетіп, қорқыту үшін жасалады", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алкоголизмді қай жерде емдейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә