“Оқушының арқасынан шегемен түрткен“: Павлодардағы даулы іс қалай аяқталды?

Павлодарда әлеуметтік желіде қызу талқыланған іс аяқталды. Бұған дейін математика пәнінің мұғалімі сабақ кезінде жоғары сынып оқушысын шегенің ұшымен түрткен болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл қаңтарда оқушы тақтада есеп шығарып тұрған кезде мұғалім арқа тұсынан шегенің ұшымен түрткен сәт сыныпта орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жасөспірімнің ата-анасы мұғалімді күш қолданды деп айыптап, полицияға жүгінген болатын.

Полиция бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда іс тоқтатылды.

"Соталды тергеп-тексеру материалдары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты іс тоқтатылды. Мұны сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, сарапшының жауап беру хаттамасы дәлелдеді, сондай-ақ, кабинеттегі бейнежазбаны қарау арқылы ешқандай дене жарақаты болмағаны дәлелденді", – деп жауап берді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!