Көкшетау қаласының прокуратурасы облыс орталығының оқу орындарында тексеру жүргізу кезінде оны жүргізуге тиісті санаты (D) жоқ адамның мектеп автобусын басқару дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жол жүрісі ережелерінің талаптарына сәйкес, балаларды күнделікті тасымалдайтын аталған жүргізуші қажетті рұқсат құжаттары мен дағдылары болмағандықтан мектеп автобусын басқара алмайды.
Осыған қарамастан, мектеп директорының орынбасары жауапты адам бола отырып, оны басқаруға рұқсат берген. Бұл факт оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Прокурорлық тексерулер барысында автомобиль көлігі және жол жүрісі туралы заңнаманың басқа да бұзушылықтары анықталды. Кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді.
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жалғасатын болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!