- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушылардың күзгі демалысы...
Оқушылардың күзгі демалысы ұзартылды
Фото:
tengrinews.kz
Қазақстан оқушыларының демалыс күндері ұзартылды, деп хабарлайды Massaget.kz сайты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Оқушылар бірінші тоқсанда 10 күн демалады. 5-14 қараша демалыс күндері, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Былтыр күзгі демалыс бір аптаға созылған еді. Ал жаңа тоқсан қазан айының аяғында басталған.
Биыл оқу жылының алғашқы тоқсаны бір аптаға ұзартылып, екінші тоқсанның сабақ уақыты біраз қысқартылды.
Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес, оқушылардың бір жылдағы тоқсандық демалысы 30 күннен аспауы тиіс. Биыл да оқушылар 30 күн демалады.
Қ. Слямбек