"Оқушыларды атамын!" Қарағанды облысында 13 жастағы бала теракт туралы хабар таратқан

"Оқушыларды атамын!" Қарағанды облысында 13 жастағы бала теракт туралы хабар таратқан
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

"13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, "Очищение Караганды" деген атаумен Telegram-арна құрған. Кейін облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазір арна өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
 
Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз береді. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова