- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушылар суицид пен...
Оқушылар суицид пен зорлық сайттарына кірген: БҚО-да 14 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды
Батыс Қазақстан облысында 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу деректері анықталды.
Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кірген.
Осылайша, бұл үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша 14 мектеп директоры Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек